+7 (708) 972 29 72 +7 (727) 241 1973

Себет бос

Каталог
0
Кәрзеңке 0 тг
Michelin шинасы. Клермон-Ферраннан әзірленген шиналар

Michelin шинасы. Клермон-Ферраннан әзірленген шиналар

17.0.2011

Қазақша | Русский

 

 

"АВТОКӨЛІК – БАР БОЛҒАНЫ, ШИНАЛАРДЫҢ АКСЕССУАРЫ"

Эдуард Мишлен.

 

Пневматикалық шиналардың жетістігі

1891 жылғы 6 қыркүйектің таңертеңінде Париждегі Монтолон саябағы әдеттегіден тыс қарбаласқа түскен еді. Себебі ол жерден 1200 шақырымды бағындырудағы «Париж – Брест – Париж» велосипед жарысы басталды, ол үлкен оқиға ретінде күтілді. Спорттық рекордтардан басқа, жарыстың негізгі мақсаты велосипедтердің бөліктері мен механизмдерінің беріктігін тексеру болды. Жарыстың қатал талабы жарысқа бір велосипедпен қатысуға міндеттеді, олардың дөңгелектеріндегі сымдарға сатылы бақылау жүргізілетін пломбалар қойылды. Екіжүз алты жарысқа қатысатындар және олардың жаттықтырушыларынан басқа олардың маңындағы жанкүйерлер мен қызығушылық білдіргендердің арасында ең қобалжулы болып көрінгендер велосипед құрастырушылары сияқты болып көрінді. Қолөнер кәсібі деңгейінде көптеген шеберханалары мен фабрикалары жаңа жанданып келе жатқан өндіріс үшін велосипедтердің бұл сынағы шынымен де айтарлықтай оқиға болды. Әрбір құрастырушы жасырын «өзінің спортшысынан» ғажайыпты күтті. Атақты қалағандардың арасында ең қобалжулы болып көрінгендер ағайынды Андре және Эдуард Мишлен болды, жас кәсіпкерлер Шарль Терронның велосипедін шыдамсыздықпен күтті. Олар өздерінің жанарларын соңғы рет өздері ойлап тапқан екі дөңгелекке киілген «алынбалы-салынбалы» шиналарға тастады. Бұл шиналар – жұртшылыққа алғаш ресми ұсынылған жаңа түсілім еді. Ағайындылардан басқа оған ешкім сенбеген еді.

 

9 қыркүйек күні таңғы 6 сағат 35 минутта Майо желекжолында Террон алғаш болып мәре сызығын қиды. Он мыңдаған халықтың ду қол шапалағымен қарсы алынған Шарль Террон аты аңызға айналды. Екінші болып мәреге Жиель келді, ол мәңгілік болып көрінген 9 сағаттан кейін бірақ келді.

 

Терронның жетістігіне ағайынды бауырлардың жылдам реакциясы бүгінгі күннің өзінде өзінің екпіндігінің жылдамдығымен жұртшылықты таң қалдырады. Алғаш жарысқа қатысқандардан бірінші болып келген сәтте, Шарль Терронның жеңісі күмәнсіз болғанда, ағайынды Мишлендер жанкүйерлердің арасында үрілетін шиналардың артықшылығын түсіндіретін жарнамалық парақтарды таратуды ұйымдастырды. Қатерлі "атпен жүру" қадамы біржола "Мишлен және К" стагнациясын біржола және толық белгісіздіктен алып шықты. Жарнамалық парақ мәтінінде: Клермон – Ферраннан шыққан "Мишлен" Пневматикалық шиналары" деп жазылған. Олардың оңай алынатыны және оңай жөнделетіндігінің арқасында мен жеңісті жеңіп алдым "Париж-Брест-Париж". Қолы: Шарль Террон".

 

 

"Мишлен және К" пайда болуының тарихы

Андре және Эдуард Мишленнің каучукпен жұмыс істейтіндігі ешкімге белгісіз болды. Егер Клермон-Ферран отбасылық кәсіпорнындағы маңызды мәселені есептемегенде, ешкімнің ойына да келген жоқ. 1886 жылы каучук және ауылшаруашылығы машинасының өндірісі толықтай тығырыққа келіп тірелді, сол кезде Андре Мишлен отбасылық кәсіпорынды құтқару үшін шақыртылған болатын. Андре ағасы Эдуардты суретші мансабын тастауға қалай көндіргені белгісіз, бірақ 1889 жылғы 28 мамырдан бастап Эдуард Мишлен атауы жаңарған "Мишлен және К" мануфактурасының басқарушысы болып тағайындалды. Жас суретшіге толықтай шығынға батқан ақсап тұрған Клермон-Ферран фабрикасында техникалық тәжірибесінсіз бірбеткейлік қажет болды. "Мишлен" қайта жандануы қиын басталды, бірақ ширақ және тәжірибелік қадамымен ерекшеленді. "Мишлен және К" фирмасының алғашқы өнімнің ішінде клапандардың көптеген түрлерін, газ және су құбырының түтіктерін, төсемдерді, бауларды және т.б. кездестіруге болатын еді. Сауда көлемі өте аз болды, ішіндегі екі өнім ғана сұранысқа ие болды: балалар ойнайтын резенкелі доп және  " The Silent" шусыз тежегіш қалыбы.

 

Алынбалы-салынбалы шина. "Бұл жетістік емес! - Бұл РЕВОЛЮЦИЯ"

1889 жылдың көктемінде "Мишлен" фирмасына спортман (сол кезде велосипед жүргізушілерін солай атаған) көмекке жүгінді, оның велосипедінің шиналарының біреуі тесіліп қалған болатын (қорғаныс матасымен қапталған резиналы түтіктен ауа үрілетін "Данлоп" фирмасының шина моделі туралы сөз болып жатыр). Аталған шинаның ең үлкен жеткіліксіздігі, оны дөңгелектен шешу мүмкін емес еді, ол барынша қатты ағаш шеңберге жабысып қалған. Шина тесіліп қалған жағдайда өзіңмен бірге көптеген құрал-саймандарды алып жүру керек болды, және де алпыс парақтан тұратын нұсқаулықты оқу үшін төзімділік пен шыдамдылығын қоса болу қажет. Велосипедшіге оның жарылған шинасымен байланысты мәселені шешіп көмектесу Эдуард Мишленнің пневматикалық шиналарды жетілдіруге деген қызығушылығын оятты.

 

Кәсіпорынның басты міндеті болған алынбалы-салынбалы шинаны өндіру іс жүзінде ойлағаннан да қиын болып шықты. «Үру түтігін» түбегейлі өзгерту шешімі дөңгелек шеңбері мен шина протекторы бір-бірінен ажырамас бөлік болып табылады деген қолөнершілер және шеберлер арасында кең тараған пікірмен қарама-қайшы келді. Эдуард және оның досы инженер Ларош осы екі элемент қызметінің ажыратылуына алып келетін ізденіске түсті (шеңбер өзімен өзі, шина өзімен өзі). Бұл зерттеулерге шамамен екі жылдай үздіксіз жұмыс уақыты кетті. 1891 жылы жазға қарай үш патентке өтініш берілді, олардың соңғысы 14 тамыз күні тіркелген, ал ол дегеніміз "Париж-Брест-Париж" жарысының басталуына туп-тура 24 күн қалды деген сөз.

 

Батыл Шарль Террон қатысқан жарыста "Мишлен" алынбалы-салынбалы шиналарының арқасында сөзсіз жеңіске жетті, ол фирма атына пневматикалық шина өндіруші фирма атауын түбегейлі бекітті және оған мойындауды алып келді. Шарль Терронның жеңісінің айналасында болған Андре Мишлен ұйымдастырған жарнамалық компания ағайындылардың рөлдерін бөліп берді. Эдуард барлық технологиялық үрдістерді басқарып, технологиялық зерттеуді өзіне алса, Андре кәсіпорынның клиенттермен қарым-қатынасын дамытумен айналысты.

 

 

Бір минут елу бес секунд

Алғашқы алынбалы-салынбалы шина болашақ осы типтегі шинада екенін дәлелдейтін, алға жасалған маңызды қадам болды. Бірақ оны біршама жетілдіруді қажет етті. Шарль Террон шина тесілген жағдайда жарыстың қобалжулы тербелісімен сәйкес келмейтін он жеті бұранда және гайканы бұрау үшін үлкен шыдамдылық керек екенін өз тәжірибесінен бірден түсінді. "Париж-Брест-Париж" жарысынан кейін үш ай өткен соң Эдуард, велосипедистке рекордты уақытта жарылған шинаны ауыстыруға мүмкіндік беретін, бүгінгі күнгі уақытқа біршама жақын алынбалы-салынбалы шинаның екінші моделін құрастырды. 1891 жылғы желтоқсан айында Лондонда өткен "Стенлей Шоуда" "Мишлен" стендісінің басты жаңалығы жаңа алынбалы-салынбалы шина болды, Андренің талантының арқасында аты шулы велосипедті салонда өткен көрсетілімі ой салатын және ойын сауық сипатта болды.

 

Шарль Терронның велосипедінің қасына орналасқан фирманың технигі көрермендер сұрауы бойынша дөңгелекті сан рет бұзды және жинастырды, оған ол бір минут, елу бес секунд уақытын кетірді… Көрсетілім көрермендерді де бәсекелестерді де қызықтырды, олардың өздері де құрастырып қайта жинағылары келді. Бұған кететін уақыт, тіпті тәжірибесіздердің өзіне де не бәрі 2 ден 4 минутқа дейінгі уақытты құрады, ол көрермендерді жаңалықтың жарамдылығына біржола көздерін жеткізді. Алынбалы-салынбалы шинаның болашағы бұдан былай анық болды. Бұл сөз жоқ жеңіс болды. Кәсіпорын шығаратын өнім санын арттырды, енді олар мүгедектер арбасына, тәшкелерге, балалар арбасына арналған шиналарды ұсынды. Бірақ, ағайынды Мишлендердің атағының шарықтауы әлі алда еді. Пневматикалық шиналардың пионері өздерінің назарын жаңадан дамып келе жатқан көлік – автокөлікке салды, екі дөңгелекті емес, төрт дөңгелекті, және қосымша бесінші – запастағы дөңгелек.
 

 

Автокөлікті бағындыру

"Мишлен" фирмасы автокөліктердің пневматикалық шиналарға ауысу қажеттілігіне сенімді болды. Бірақ, құрылымдаушылар бұл ойды іске асыруға асыққан жоқ, сондықтан "Мишлен" ат арбасының фиакор нарығына ден қойды. 1896 жылы ақпанда алғашқы париждік шинадағы фиакр компанияға 16 ғасырдан бері Францияда кең тараған ат арбасының кең көлік нарығының есігін ашты. Париждегі фиакрлер соғысы "Мишлен" анық жеңіске жақындатты, сол кезде Андре өз ағасына «олардың шинасын автокөлікке икемдеу» қажеттілігін айтты. "Фиакрге арналған шина, - деп оған қарсы келді, Эдуард, - тек абаттандырылған қала жолдарында ғана жарамды, ал автокөлік шинасы біршама дөрекі төсемге, сонымен қатар малта тас және тастардың кесетін шетіне төзуі керек. Фиакр  шинасы аз жылдамдықта жұмыс істейді, автокөлік шинасы жоғарғы жылдамдық үшін арналған және жетекші доңғалаққа киіледі. Бұл жағдайда ат арбасының көлік құралына бар назарымызды аударуымыз керек шығар, себебі мұнда клиенттер шектелмеген, ал Франциядағы барлық автокөліктер біздің зауытымыздың ауласына сиып кетер еді?"

 

"Бірақ, автокөлік шиналы болғаннан кейін бірден атты айналымнан шығарады!" – деп қарсылық білдірді Андре. "Біз кешегі және тіпті бүгінгі ойларымен жұмыс істемеуіміз керек, біз ертеңгі перспективалы ойларымен жұмыс жасауымыз керек. Мәселе қаншалықты қиын болса, біздің оны бірінші болып шешуге мүмкіндігіміз көп". Үлкен ағасының дәлелдері Эдуардты көндірді, және ол осы жолдың қаншалықты қиын екенін біліп алғашқы өңдеу жұмыстарын бастады. Оған автокөлік пен пневматикалық шиналардың бір бірінен ажырамас бөлігі болуы үшін бес жыл жеткілікті болды.

 

"Көндірудің ең жақсы тәсілі, бұл тұтынушыға өнімді сынап көруге және бәсекелестің өнімімен салыстыруға мүмкіндік беру". Осы принципті пайдаланып "Мишлен" ғасырдың басындағы барлық ірі автокөлік жарыстарына қатысты. Жарыс кезінде көбіне рөлге Андренің өзі отыратын. Және ол іс жүзінде ірі доңғалақтармен салыстырғанда алынбалы-салынбалы пневматикалық шиналардың артықшылығын бірнеше рет дәлелдеді, барлық маңызды жарыстарды ұтып алды: 1896ж. "Париж-Марсель-Париж", 1898 ж. "Париж-Амстердам-Париж", 1899 ж. "Тур де Франс" және т.б. Қажетсіз шығындардан бас тарту үшін жоғары сапалы шиналарды төменгі бағамен дайындап, компания алдағы уақытта бұл жарыстарға қатыспайтыны туралы жариялады. Велосипедтердің қарқынды таралуымен қатар, ал кейін автокөліктердің пайда болуы шағын Клермон-Ферран мануфактурасын көшбасшы-жаңашыл етті. "Пежо", "Делае", "Болле", "Де Дион" және тағы да басқалар, "Пан-ар" қосқанда "Мишленнің" тұрақты клиенттері болды. Екі ғасырға жуық уақытта шағын мануфактура ірі кәсіпорынға айналды. 1891 жылдан бастап 1900 жылдарға дейін оның айналымы 460 000 нан 6 миллион франкке дейін шарықтады.

 

 

Бибендум - "Мишлен" жарнамалық таңбасы

Әрбір үлкен фабриканың болсын немесе кішігірім шеберхананың болсын өзінің фирмалық таңбасы болады, әдетте ол кейіпкер типінде болады. Бұл аңыздардың кейіпкері (Мысалға су перісі кір жуатын машина өндірушілерінің біреуі үшін) немесе тарихи тұлғалар, аңдар кейіпі (арыстан «Пежо») немесе өсімдіктер болды. Осындай фирмалық таңбалардың арасында өз орныңды табу оңай емес, бірақ ағайынды Мишлен осы орайда да бұл міндетті сәтті атқарды. Бибендум – персонаж типін жасау ойы Эдуардтың зеректігімен,
Андренің көкейкөздігімен және танымал жарнамалық суретші О' Галопенің ойлап тапқан бейнесін іске асырды деп есептелінеді.

 

Бір күні, көптеген көрмелердің біреуіне қатысып, өзінің стендін барынша ерекше рәсімдеуге тырысып, оған жауапты кіре берістен бастап екі жақ қатар бойымен диаметрі әртүрлі шиналарды тізіп қойды. Бұл көріністен күтпеген әсер алған Эдуардқа ой келді, ол ойымен ағасымен бөлісті: "Қарашы, егер қол қосатын болсақ адамның бейнесі шығады!" Осылай 1898 жылдың көктемінен бастап пневматикалық шиналардан жасалған түсініксіз "тұлға", кейін оған "Бибендум" деген ат берді, өзінің қоғамдық өмірімен өмір сүре бастады. Мишленнің "Бибендум" таңбасының атауы (аудармасы "жол маскүнемі") компания ұранына үн қату болып есептелінді: "Мишлен" - шиналары, жолдың бұдырын "ішеді". кеңістікті және уақытты жеңіп Бибендум кейіпі үнемі ауысып отырды. Еш өзгермейтін қайталанатын элемент – шинадан жасалған дене суреті. Андре Мишленнің әдеттегіден бөлек жарнамалық қасиеттерінің арқасында Бибендум аса танымал болды. 1898 жылдан бастап 1930 жылға дейін Бибендумнің 20 000 астам суреті салынды. Ол бірде Наполеон болса, бірде жеңіске жеткен ағылшын, енді бірде Ніл шөліндегі перғауын болды, тағы бірде автокөлік жүргізушісін сақтаушы - мейірімді періште кейіпінде болса, енді бірде сол автокөлік жүргізушісінің өзінің кейіпінде болды. Әрдайым әдеттегіден тыс немесе күтпеген болса да Бибендумнің пайда болуы, мұқият дайындық пен ерекше назардың нәтижесі болды. Бибендум сатылымға әсерін тигізді ме? Андре Мишлен бұған ешқашан күмән келтірген жоқ.
 

 

"Мишлен" алғашқы жолбасшыларды шығарады және мемлекет қорғанысына көмектеседі

1901 жылы "Мишлен" Франция бойымен жүріп өтетін автокөлік жүргізушілеріне барлық қажетті ақпаратты ұсынатын алғашқы жолбасшыларды шығарды: онда жанар-жағармай құю бекеттерінен бастап түнеп шығатын және ауқаттанатын орындардың мекенжайлары көрсетілген. Андре Мишлен үшін ағайындыларға ең алдымен қажетті жолдағы алғашқы қадам болды. Мишлен өз өнімінің таралымын арттыру үшін ол уақытта Франция жолдарында болмаған қызмет көрсетуді дамытып, ілгері шықты. Фирманың жаңа стратегиясы елдегі автокөліктің кең таралуына алып келді. "Мишлен" бұл салада мемлекеттік ауқымдағы бастамашылықты жүзеге асырды. Бұл стратегия бағыттар бөлімшесінің құрылуына (1908 ж.) және аймақтың жолбасшылардың басылып шығуына (1926 ж.) алып келді, "Гидов "Мишлен"жасыл жаршысы, ол саяхат сәнінің үлкен дәуірінің ашылуына алып келді.

 

1914 жылы, Франция соғысқа тартылған жылдары, ағайынды Мишлен елдің әуе қорғанысын құру үшін өзінің зауыттары мен инженерлерін ұсынды. Татулық орнаған уақытқа дейін "Мишлен" зауыты 1884 ұрыс ұшақтарын жасап шығарған.
 

 

"Мишлен" әлемді бағындырды

1900 жылдан бастап  Франциядан тысқары жерде де "Мишлен" компаниясының қарқынды дамуы жүрді. Ғасырдың басында фирма Еуропаның басым бөлігінде агенттіктің кең желісі арқылы Бельгияда, Голландияда, Швейцарияда, Германияда, Ұлыбританияда және Испанияда өз қызметін көрсетті. Өнімді шет елде шығару мақсаты 1906 жылы, алғаш Франция аумағынан тыс жерде Туринде орналасқан компанияның зауыты ашылғаннан кейін барып жүзеге асты. 1908 жылы Мишлен Құрама Штаттарында өз зауытын салды.
 
 
 
1931 жылдың сәуір айында Андре Ситроен Азия бойынша "Сары саяхатын" ұйымдастырды. Осы мақсат үшін Клермон-Ферранда дайындалған арнайы шиналарымен жабдықталған бұл жетілдірілген көліктердің экспедициясы, Гималайды, Гоби шөлін Ауғанстан және Қытайды кесіп өтуі керек еді. 78 жасында Андре Мишлен, осы оймен шабыттанды. Бірақ экспедицияға тікелей қатыса алмады. Ол 1931 жылғы 4 сәуірде ғасырдың автокөліктік соқыр тәуекелі болуға уәде берген осы жүріп өтудің нәтижесін білмей қайтыс болады. 1931-37 жылдары Германияда, Аргентинада, Испанияда, Чехословакияда және Бельгияда танымал компанияның тағы 5 зауыты пайда болды. 
 
1940 жылдың тамыз айында, 81 жасында Эдуард Мишлен қайтыс болды. Директорлармен тағайындалған Роббер Пизо және Пьер Буланж, әлем бойынша тараған фирманың көптеген филиалдарын басқаруды өз қолдарына алды.

 


"Мишлен Х"  революциясы

Роббер Пизо Мариус Миньол фирмасының бірден бір дарынды инженерлерінің пневматикалық шиналарының жаңа концепциясына үлкен үміт артты. Оның ойы өте қарапайым және ол шина қалқанын түзетін қақпақ кордының қиылысатын қабаттарының орналасуының өзгеруінде тұжырымдалған, енді олар бұрынғыдай доға түзіп әртүрлі бұрыштарда орналаспайды шина протекторына перпендикуляр доға түзіп радиалды орналасатын болады. Бұл жаңа құрылым шинаның қызмет ету мерзімін екі есе ұзартып қана қоймай, оның қарама-қайшы екі қызметін: жол бедерінің тегіс еместігін жұмсартатын тік майысқыштығы және жолдағы автокөліктің тұрақтылығын қамтамасыз ететін көлденең қаттылығын біріктірді. "Мишлен Х" танымал маркасымен радиалдық шинаның пайда болуы нағыз революция болды және бірнеше жылдарға кәсіпорынға барлық бәсекелестерінен технологиялық алға шығуды қамтамасыз етті!


1955 жылы фирманың директорларының біреуі Эдуардтың немересі Франсуа Мишлен болды. Ол біршама тырысқанның нәтижесінде 15 жылдың ішінде 1955 жылдан бастап 1969 жылға дейін "Мишленнің" жаңа 15 зауыты салынды. "Мишлен" қызмет еткен барлық уақытында маңызды компания атағына ие болды, шиналар ерекше беріктігімен ерекшеленді және баяу тозды. "Катерпиллер" немесе "Форд Мустанг" сияқты құрылыс машиналарын жасаушы ірі компаниялар өз автокөліктерін Клермон-Ферран шиналарымен жабдықтай бастады. "Мишлен" фирмасының өнімі тізімдемемен сатылатын "Сирс және Робэк" ең ірі америкалық тауарлар желісінің арасынан табылатын болды. Францияның тұрғындарының арасында компания танымалдылығы туралы жүргізілген сауалнама қорытындысын 1996 жылдың тамыз айында "Л'Экспансьон" журналында жарияланған, сән заңдылығын қалыптастырушы "Шанель" фирмасынан кейін, "Мерседес-Бенц", "БМВ" және "Кока-Кола" фирмаларын артқа тастап, "Мишлен" екінші орынды иеленді.

1996 жылы - "Мишлен" компаниясы тағы бір РАХ жүйесінде революциялық концепцияны ойлап тапты, ол сатылымға 1998 жылы шықты. РАХ жүйесіндегі жаңа шина жалпы даму үшін, тек шина өндірісі саласында ғана емес, сондай-ақ автокөлік құрастыру саласында да кең мүмкіндіктерді ашты. Өз кезінде «бөлшектеу» және «радиалдық шина» қандай революциялық жаңалық болса, бұл да сондай жаңалық. 

 


Автоспорттағы Мишлен тобы 

"Мишлен" тарихының басынан бастап тығыз түрде фирмамен жаңа ойлардың генераторы ретінде қарастырылатын автокөлік жарысының тарихымен ұштасып жатыр. Мишленнің автокөлік спортымен әуестенуі Шарль Терронның Париж-Брест-Париж ірі веложарысындағы жеңістен бастау алады. Басқа жарыстардағы жеңісте өзін көп күттірген жоқ. 1895 жылы - Paris-Bordeaux-Paris автожарысы: ағайынды Мишлендар шинамен жабдықталған, соның өзі жеңіс болып саналды, жалғыз көлік құралы "Eclair" (Найзағай) –автокөлігімен мәреге сәтті жетті. 
 
 
1899 жылы 29 сәуірде мотор Женаци басқарған салмағы 400 кг "Jamais Contente" (Үнемі өкпелі) электрмобилі, 100 км/сағ жылдамдық шегінен асты. Бұл машина дөңгелектегі нағыз бомба болды – шеңбері және шинасы "Мишлен" фирмасынікі, олар аздаған диаметрі және кең протекторының арқасында жарыс шиналарының бабасы болып табылады. Бұл даналық өнертабысы болды –оған дейін "кареталық" типтегі – биік және жіңішке шиналар қолданған болатын. 
 
  • 1905 жылы - Auvergne елді мекеніндегі беделді Gordon - Bennett кубогы: жарысушы Thery "Мишлен" компаниясының «табаны бар шиналарымен» жабдықталған автокөлікпен кубокты жеңіп алды. 
  • 1906 жылы - Grand Prix de la Sarthe: Ferenc Szisz француз автокөлік клубының жеңісі, «қайта құрастырылатын» "Мишлен" шиналарымен жабдықталған Renault автокөлігімен жарысты жеңіп алды. 1923 жылы - алғашқы 24-сағаттық LeMans автожарысындағы "Мишлен" жеңісі: Lagance және Leonard Chenard және Walker автокөліктерінде. 
  • 1973 жылы – ралли бойынша бірінші Әлем чемпионатындағы "Мишлен" жеңісі: "Мишлен" радиалдық шиналарымен жабдықталған Alpine-Renault автокөлігі жеңді. 
  • 1979 жылы - Формула 1 жарысындағы жеңіс: "Мишлен" пайда болғаннан кейін екі жылдан соң  Формула 1 жарысында, Ferrari радиалдық шинасы жеңіс әкелді, рөлде Jodi Scheckter болды. 
  • 1984 жылы - "Мишлен" алғаш рет 500 сс тобында Grand Prix жеңіп алды: Honda, рөлде Freddie Spencer болды, "Мишлен" радиалдық шиналарымен жабдықталған болатын. 
 
 
2001 жылы 16- жыл үзілістен кейін, "Мишлен" компаниясы қайтадан Формула 1 жарысына қатысады. "Мишлен" командасы және оның 5 серіктестері 4 рет тамаша жетістікке қол жеткізді, осыншама рет пол-позишн және үш рет үшінші орынды иеленді. 2002 жылы Ferrari мінсіз басымдылығына қарсылық білдіріп, "Мишлен" командасы және оның 6 серіктестігі Grand Prix барлық 17 ақтық жарыстарына көшбасшылар қатарында болды. Қазіргі уақытта "Мишлен" компаниясының авто-мото-спортта көпжылдық мінсіз абыройы бар. Бүгінгі таңда автожарыстарда "Мишлен" компаниясының есебінде көптеген тамаша жеңістер бар: Формула 1: 65 жеңіс Grand Prix, 3 жеңіс Пилоттар Кубогында, 2 жеңіс Құрастырушылар Кубогында. 24 сағаттық  Le Mans жарысы: қатарынан үзбей 5 жыл бойғы жеңіс. 1999 жылдан бері "American Le Mans Series" (осы жарыс ұйымдастырылғаннан бері) "Мишлен" командасы Жүргізуші Кубогы және Құрастырушылар Кубогы бойынша 8 жеңіске жеткен. Ралли: 1982 жылдан бастап Жүргізушілер кубогынан Әлем чемпионының 16 титулын жеңіп алды. 1981 жылдан бастап Құрастырушылар Кубогынан Әлем чемпионының 16 титулы. Ралли рейд: 17 жыл қатарынан Paris-Dakar раллиіне қатысқан "Мишлен" тобы барлық санаттар бойынша көшбасшы: жеңіл, жүк автокөлігі. 
 

 

Эпилог

"Мишлен" компаниясының қарқынды дамуы оны әлемдік көшбасшылар қатарына қосты, бұдан тегіс емес жолдарды «ішушінің» жауапкершілігі артпаса кеміген жоқ. "Мишлен" бүгінгі таңдағы Террондар үшін велосипед шиналарын шығаруды жалғастырып келеді, метро вагондарына арналған, пойыздар, самолеттер және космостық кемелер үшін – жалпы айтқанда қозғалыстағы барлығына арналған шиналарды өндіруде. Біз сіздің "Мишлен" компаниясымен танысқаннан кейін әлемді бағындарған танымал шиналармен жақынырақ таңысқыңыз келеді деп үміттенеміз.